Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Көмековтер" қылмыстық тобының жетекшілері мен мүшелері сотталды

Опубликовано:

Сот12
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қаржы мониторингі агенттігі Жамбыл облысы бойынша аумақтық департаменті "Көмековтер" қылмыстық тобына қатысты істі тергеді. Қазіргі уақытта сот үкімі шыққан, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі агенттіктің Telegram-каналына сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, "Көмековтер" ұйымдасқан қылмыстық топтың 7 адамын басқарған.

Олардың әрқайсы жалған кәсіпорындардың тұтас желісі арқылы іс жүзінде жұмыс істемей, шот-фактураларды берудің қылмыстық схемасында белгіленген қызмет жасағаны анықталды.

Қылмыстық топтың заңсыз әрекеттерінің салдарынан мемлекет бюджетіне салық түріндегі 1 миллиард теңгеден астам қаражат түспеген.

"Сот ұйымдасқан қылмыстық топтың кеңсесін және 17 миллион теңгеден астам қаражатты тәркілеумен қатар, мемлекеттік кірістер органдардың 10 млрд теңгеден астам сомаға келтірілген залал сомасын өтеп беру туралы азаматтық талап арызын да қанағаттандырды", - делінген хабарламада.

Сот үкімімен ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері 3 жылдан 5 жылға дейінгі мерзімге сотталған. Ал Көмековтердің қылмыстық жолмен тапқан мүлкі тәркіленіп, 7 және 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1973312-komekovter-qylmystyq-tobynyn-zeteksileri-men-museleri-sottaldy/

pixel