Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Банктер жеңілдетілген автонесиеге өтінімдерді қашан қайта қабылдай бастайды

Опубликовано:

Көлік жүргізуші
Көрнекі фото: pexels.com

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев сенат кулуарында банктердің жеңілдетілген автонесиеге өтінімдерді қабылдауды уақытша тоқтатуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Министрдің айтуынша, жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасы басталған сәттен бастап қазақстандықтардан көп өтінім түскен.

"Банктер 20 мыңнан аса өтінім түскендіктен өз жұмысын уақытша тоқтатқан болар. Біз 100 млрд теңге шамамен 15-16 мың несиеге жетеді деп есептегенбіз.

Бүгінгі таңда 9885, шамамен 10 мың өтінім мақұлданды. Бұл 73 млрд теңгеге жуық ақша. Қорда тағы 27 млрд теңге бар. 3 мыңға жуық көлік берілді", - деді Өскенбаев.

ИИДМ басшысы 100 млрд теңге берілген соң бір-екі айдан кейін қазақстандықтар несие төлей бастайтынын атап өтті. Сонда банктер ақшаны револьверлік тәртіпте басқа адамдарға несие беруге пайдаланады, деді ол.

"Міне, 100 млрд айына 85 мың теңгеден болады: 15-16 мың адам ай сайын 85 мың теңге төлейді. Шамамен айына қанша теңге болатынын есептеңіздер. Бұл таза математикалық есеп.

Бірден айтайын, қауесет өте көп болды. Біз басшыларды жинап, "Кешіріңіздер, бізге сіздердің менеджерлеріңіз бен банк қызметкерлеріңіз түрлі қызметтер ұсынып жатқаны туралы қауесет жетті" деп айттық.

Олар қандай тәртіп орнатқанын білмеймін. Бірақ қазір сыбыстар тоқтады. Мүмкін біреуді жұмыстан да шығарған шығар. Мұндай әңгіме бағдарлама іске қосылмай тұрып болған. Ал бағдарлама басталғаннан мұндай әңгімені естімедім",- деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1973357-bankter-zenildetilgen-avtonesiege-otinimderdi-qasan-qaita-qabyldai-bastaidy/

pixel