Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылорда-Шымкент ақылы тасжолы аптап ыстыққа шыдамай көтеріліп кетті

Опубликовано:

Жол
Видеодан кадр: t.me/ztb_qaz

Қазақстандықтар әлеуметтік желіде Қызылорда-Шымкент ақылы тасжолының бір бөлігі аптап ыстыққа шыдамай, көтеріліп кеткен видеоларды бөлісуде. Бұған қатысты "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ баспасөз хатшысы Ләззат Стамғазиева пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ләззат Стамғазиеваның сөзінше, 8 маусым күні сағат шамамен 17.00-де Түркістан облысы Төрткөл ауылы маңындағы Қызылорда-Шымкент тасжолының ақылы учаскесінде ауа температурасының жоғары болуынан (+40+45 градус) цемент-бетон жабындысы көтеріліп кеткен.

"ШымкентДорСтрой" ЖШС мердігерлік ұйымы уақытша қалпына келтіру жұмыстарын (құм-қиыршықтас қоспасын төгу, асфальтбетон жабынын төсеу) жүргізді. Бұл іске 10 адам мен 5 техника жұмылдырылды", - дейді ол.

Сонымен қатар Ләззат Стамғазиева қазір уақытта жолдың аталған бөлігіне максималды жылдамдықты төмендету сынды ескерту белгілері орнатылғанын, Түркістан облысының патрульдік көліктері қойылғанын атап өтті.

Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер бар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1973379-qyzylorda-symkent-aqyly-taszoly-aptap-ystyqqa-sydamai-koterilip-ketti-video/

pixel