Ақтауда кәріз құдығынан шала туған шақалақ табылды
Жарияланған күні:
Ақтау қаласында кәріз құдығының бірінен айы-күні жетпей туған жансыз шақалақ табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Құзырлы органның мәліметінше, бүгін, 9 маусымда сағат 11:51-де кезекші 102 пультіне шақыру келіп түскен.
Хабарламада Ақтау қаласының 32-шағын ауданындағы кәрізден айы-күні жетпей туған жансыз шақалақ табылғаны туралы айтылған.
Оқиға орнын бірден жедел-тергеу тобы барып, сот-медициналық сараптама тағайындалған.
Полиция қазіргі таңда тергеу шаралары жүргізіліп жатқанын атап өтті.
Аталған факт Қылмыстық кодекстің 001-бабы (адамның қайтыс болуы) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіміне тіркелген.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1973411-aqtauda-kariz-qudygynan-sala-tugan-saqalaq-tabyldy/