Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев 2023 жылы елімізде газ тапшылығы болуы мүмкін екенін айтып, үкіметке тапсырма берді

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің 34-пленарлық отырысында келесі жылы ішкі нарықта газ тапшылығы болуы мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Президент елімізде газ тұтынуға сұраныстың артқанын атап өтіп, көмірді пайдалануды азайту ісінде газ саласының маңызды рөл атқаратынын айтты.

Бүгінде Қазақстанды газдандыру деңгейі 53 пайызға жетіп, 10 млн-ға жуық азаматқа газ берілген.

"Ел ішінде газ тұтыну қарқыны өте жылдам өсуде. Бұл бірінші кезекте Алматы ЖЭО-2 мен ЖЭО-3-ті газға ауыстырумен, газ-химиялық кешендер мен жаңа өнеркәсіптік кәсіпорындардың іске қослуымен байланысты болып отыр.

Келесі жылы ішкі нарықта газ тапшы болады деп болжам жасалып отыр. Осы ретте газ экспортына қарағанда ішкі қажеттіліктерді қамтамасыз ету маңызды екенін ерекше атап өткім келеді.

Үкіметке Теңіз кен орнының акционерлерімен бірлесе отырып, экспортталатын екі миллиард текше метр газды ішкі нарыққа қайта бағыттауды тапсырамын", - дейді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ мемлекет басшысы үкіметке Қашағанда қуаттылығы 1 млрд текше метр болатын газ өңдеу зауытының құрылысы жобасын қаржыландыру мәселесін шұғыл шешуді тапсырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1973422-toqaev-2023-zyly-elimizde-gaz-tapsylygy-boluy-mumkin-ekenin-aityp-ukimetke-tapsyrma-berdi/

pixel