Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мас күйдегі жүргізушіні тоқтатып, талай адамның өмірін сақтап қалған полицей "Айбын" орденімен марапатталды

Опубликовано:

Марат Қожаев Архат Ракишевке ІІ дәрежелі "Айбын" орденін тағуда
Марат Қожаев Архат Ракишевке ІІ дәрежелі "Айбын" орденін тағуда. Фото: polisia.kz

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев былтыр мас күйдегі жүргізушіні тоқтатып, талай адамның өмірі мен денсаулығын сақтап қалған Архат Ракишевке президент жарлығымен ІІ дәрежелі "Айбын" орденін табыстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

"Жасаған ерлігің үшін II дәрежелі "Айбын" орденімен наградталдың. Сол наградаңды министрдің тапсырмасымен өзіңнің көкірегіңе тағуға келіп отырмын, Архат батыр", - дейді вице-министр.

Еске сала кетейік, Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің мамандандырылған патрульдік полиция батальонының аға инспекторы ауыр жарақат алған оқиға былтыр желтоқсан айында болған еді.

Архат Ракишев қызметін атқарып жүрген кезде елорданың Қошқарбаев көшесінде ережені өрескел бұзып, апатты жағдай тудырып келе жатқан жүк көлігін байқаған. Көлік жүргізушісі тәртіп сақшысының талаптарына бағынбай, қозғалысын жалғастырмақ болған. Қайғылы жағдайдың алдын алмақ болған Архат сол сәтте ауыр жарақат алған.

"Көнбегеннен кейін Архат кабинаға кірген. Кабинаға кіріп, жүргізушіні тоқтатам деген кезде, КамАЗдарда болады ғой дөңгелектің балонының кілті, балға сияқты қатты құрал, сондай затпен басынан ұрып, есінен тандырып, машинаны тоқтатпай ары қарай жүргізіп, шайқалтып итеріп жіберген. Содан жерге құлаған. Қасында келе жатқан, осыны көрген жүргізушілер Архатты басып кетпес үшін тоқтаған", - дейді әкесі Кабдуали Ракишев оқиғаны баяндап.

Сол оқиғадан кейін полиция капитаны комаға түсіп, оған екі рет ота жасалған. Бүгінде аяққа тұрған Архат Ракишев ары қарай да емін жалғастыратын болады.

Ал мас күйде көлік тізгіндеген жүргізуші 8 жылға бас бостандығынан айырылған.

Архаттың анасы Алма Ракишеваның айтуынша, ұлы "мектепті "алтын белгіге" бітірген. Одан кейін Еуразия ұлттық университетіне түсіп, сол университетті де жақсы тәмамдаған.

Архат Ракишева отбасымен
Архат Ракишева отбасымен. Фото: polisia.kz

"Одан кейін академиясын оқыды. Өзінің арманы болатын. Жұмысқа орналасты. Енді сол арманына жетті деп отыр едік… Полиция жұмысы – өте ауыр жұмыс. Елдің амандығын ойлайтын жұмыс қой. Барлығы балаңыз ерлік жасады деп жазып жатыр. Баламның ерлік жасағанына қуанамын. Ел азаматы болғанына қуанамын", - дейді Архаттың анасы Алма Ракишева.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1973447-mas-kuidegi-zurgizusini-toqtatyp-talai-adamnyn-omirin-saqtap-qalgan-policei-ii-darezeli-aibyn-ordeni-marapattaldy/

pixel