Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағанды облысында адамдар тырысқақ жұқтырып жатқаны рас па

Опубликовано:

Телефон ұстаған ер адам
Көрнекі фото: pixabay.com

Әлеуметтік желілер мен WhatsApp мессенджерінде Қарағанды облысында тырысқақпен ауырғандар тіркелгені және қаланың су айдындарына тырысқақ вибрионы бөлінгені туралы ақпарат тарап жатыр. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті бұл мәліметті жоққа шығарды.

СЭБК Telegram арнасының мәліметінше, ауруханаға келген ескерту құжаттарына сілтеме фэйк.

"Бұл ақпарат жалған. Жезқазған қаласы бойынша тырысқаққа күдікті жағдайлар тіркелген жоқ. "Тырысқақ таяқшалары" тырысқақ вибрионының болуы тұрақты бақылауда, мамыр айынан қазанға дейін апта сайын зертханалық зерттеу үшін ашық су қоймаларынан (Кеңгір су қоймасы, жағажайлар) сынама алынып, зерттеледі. Дүрбелеңге ешқандай себеп жоқ", - делінген хабарламада.

Ведомство жалған ақпарат таратқан тұлғалар белгіленген заңды тәртіпте жауапкершілікке тартылатынын ескертті.

Сондай-ақ СЭБК ішек этиологиясы инфекцияларының алдын алудың негізгі шаралары тамақтану және тамақ дайындау алдында, сондай-ақ дәретханаға барғаннан кейін қолды жуу екенін еске салды.

"Одан бөлек көкөністерді, жемістерді ағынды сумен жуғаннан кейін қайнаған сумен шаю керек. Кездейсоқ адамдардан азық-түлік сатып алмаған жөн және де тек рұқсат етілген жерлерде шомылу маңызды",- деді ведомствода.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1973581-qaragandy-oblysynda-adamdar-tyrysqaq-zuqtyryp-zatqany-ras-pa/

pixel