"АрселорМиттал Теміртау" кәсіпорнындағы ТЖ: Аман қалған адамның жағдайы белгілі болды

Опубликовано:

Аурухана
Көрнекі фото: pixabay.com

Бүгін "АрселорМиттал Теміртау“ зауытында шатыр құлап, төрт өрт сөндіруші қайтыс болды. Облыстық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы аман қалған жалғыз адамның жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

1994 жылы туған науқас ауруханаға жеткізілген. Ол есін біледі, гемодинамикасы тұрақты.

"Маңдай бөлігінде терең жара бар. Қазіргі уақытта диагностика жүргізіліп, жарақаттар бөлімінің меңгерушісі, нейрохирург, хирург, реаниматолог бірлесе тексеріп жатыр. Науқас қызыл желі бойынша қарқынды терапия палатасына жеткізілді", - деді дәрігерлер.

Айта кетейік, бүгін жұмыс істемейтін жылу пешіндегі отқа төзімді кірпішті бөлшектеу кезінде "АрселорМиттал Теміртау" кәсіпорнының төрт жұмысшысы қаза тапқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1973620-arselormittal-temirtau-kasipornyndagy-tz-aman-qalgan-adamnyn-zagdaiy-belgili-boldy/

jitsu gif