jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Кенесхан
Айтолқын Кенесхан
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

"Найзағай, бұршақ": Еліміздің 12 өңірінде дауылдық ескерту жарияланды

Жауын
Көрнекі фото: pixabay.com

Еліміздің ондаған өңірінде алдағы демалыста күн райы бұзылып, жауын-шашын болуы ықтимал. Бұл туралы "Қазгидромет" мәлім етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

12 маусымда бірнеше өңірде ауа райының бұзылуы байқалмақ.

Ақмола облысының солтүстігінде, орталығында найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Нұр-Сұлтан қ.: 12 маусымда оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді. Көкшетау қ.: күндіз 12 маусымда найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді.

Дәл сол күні күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, орталық бөлігінде найзағай күтіледі.

Қызылорда облысында жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қ.: 12 маусымда төтенше өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде күндіз екпіні 15-20 м/с.

Күндіз Ақтөбе облысының оңтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м /с күтіледі.

Таңертен және күндіз Алматы облысының шығысында және тау етегіндегі аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, күндіз басым бөлігінде күші 15-20, екпіні 25 м/с. Петропавл қ: 12 маусымда найзағай күтіледі. Күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз күші 15-20, екпіні 25 м/с.

Қостанай облысының түнде солтүстігінде, күндіз солтүстігінде, батысында, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, күндіз басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с. Қостанай қ: күндіз 12 маусымда найзағай, дауыл күтіледі. Батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады.

Тәулік бойы 13 маусымда Жамбыл облысының таулы аудандарда қатты жаңбыр күтіледі. 12 маусымда облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарда, 13 маусымда облыстың оңтүстігінде, батысында, шығысында, таулы аудандардар найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда 15-20 м/с, 13 маусымда екпіні 23 м/с күтіледі.

Тараз қаласында күндіз 13 маусымда найзағай, бұршақ, оңтүстік-батыстан жел соғады.

"Найзағай, бұршақ": Еліміздің 12 өңірінде дауылдық ескерту жарияланды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.