Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маңғыстауда шенеунік сегіз жылдан соң бұрынғы қызметіне қайта тағайындалды

Опубликовано:

Қарасай Абыханов
Фото: Мұнайлы ауданының әкімдігі

Қарасай Абыханов Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданының ТКШ, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы қызметіне тағайындалды. Ол бұл қызметті сегіз жыл бұрын да атқарған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жаңа тағайындау туралы Мұнайлы аудандық әкімдігінің бапасөз қызметі хабарлады.

"Мұнайлы ауданы әкімі Ержан Күмісқалиевтың өкімімен Мұнайлы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы лауазымына Абыханов Қарасай Бегалыевич тағайындалды",- деп жазылған әкімдіктің Facebook парақшасында.

Айта кетейік, Абыханов Қарасай Бегалыевич 1981 жылдың 31 қазанында Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары.

2010 - 2012 жылдары Маңғыстау облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы ММ-сінің жолаушылар көлігі бөлімінің басшысы қызметін атқарған.

2013 -2014 жылдары Мұнайлы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы болды.

2015 - 2017 жылдары Батыр ауылдық округінің әкімі қызметін атқарды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1973721-mangystauda-seneunik-segiz-zyldan-son-buryngy-qyzmetine-qaita-tagaiyndaldy/