Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы – Өскемен тасжолында жолаушылар автобусы аударылды

Опубликовано:

Жол апаты
Көрнекі фото: kstnews.kz

Жетісу облысында "Setra" жолаушылар автобусы аударылып, 66 жастағы зейнеткер көз жұмды. Одан бөлек үш адам жарақат алды, деп хабарлады Sputnik Қазақстан.

Әлеуметтік желіде Алматы – Өскемен тасжолында болған жол апатының видеосы жарияланды. Қараңғыда түсірілген видеодан бірнеше жедел жәрдем көлігін, бір бүйіріне аударылған автобусты және он шақты адамның жолда тұрғанын көруге болады.

Облыстық полиция департаменті автобустың жол апатына ұшырағанын растады.

Ведомствоның мәліметінше, апат 12 маусым күні Ақсу ауданы маңында, Алматы – Өскемен автожолының 396 шақырымында болған. Апат салдарынан бір адам көз жұмып, үш адам түрлі деңгейдегі жарақат алған. Зардап шеккендер арасында 7 жасар бала бар.

"Оқиға орнында 66 жастағы әйел қайтыс болды. Сондай-ақ жол апатынан тағы үш жолаушы зардап шекті, олардың ішінде 7 жасар бала түрлі жарақатпен жақын маңдағы ауруханаға жатқызылды", - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Аталған факті бойынша сараптама тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1973734-almaty-oskemen-taszolynda-zolausylar-avtobusy-audaryldy/

pixel