Алдағы күндері елімізде күн райы ыстық болады деп күтілуде
Жарияланған күні:
"Қазгидромет" РМК ресми сайтында 14-16 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды.
Синоптиктердің мәліметінше, батыстан тағы бір антициклон ел аумағына ауыса бастайды. Нәтижесінде Қазақстанда нағыз жазғы ауа райы басталады.
Кейбір өңірлерде найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауады, соған қараматан ауа температурасы өте жоғары болып қала бермек
Еске сала кетсек, бұған дейін "Қазгидромет" РМК мамандары маусым айына арналған ауа райы болжамын жариялаған болатын.
Сонымен қатар алдағы шілде айында қазақстандықтар қанша күн демалатынын жазған едік.
Алдағы айда елімізде 6 шілде Астана күні мен 9 шілдеде Құрбан айт мейрамы атап өтіледі. Осылайша, шілдеде аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 20 күн жұмыс істеп, 11 күн демалады.
Ал аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін бұл айда 25 жұмыс күні мен 6 күн демалыс бар.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1973847-aldagy-kunderi-elimizde-kun-raiy-ystyq-bolady-dep-kutilude/