Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Биыл шілде айында қазақстандықтар қанша күн демалады

Опубликовано:

Елорда
Фото: astana.gov.kz

2022 жылғы шілде айында аптасына 5 күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 11 күн демалады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі egov.kz порталына сілтеме жасап.

Шілде айында ел тұрғындары екі мейрам - Астана күні мен Құрбан айтты атап өтеді.

Биыл 6 шілде Астана күні сәрсенбіге түседі, тиісінше азаматтар үшін демалыс күні болады.

Мұсылман күнтізбесі бойынша Құрбан айттың алғашқы күні 9 шілде, сенбіге түседі. Дегенмен демалыс күні басқа күнге ауыстырылмайды.

Осылайша, шілде айында аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 20 күн жұмыс істеп, 11 күн демалады.

Ал аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін бұл айда 25 жұмыс күні мен 6 күн демалыс бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1973747-biyl-silde-aiynda-qazaqstandyqtar-qansa-kun-demalady/