Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бір ай бұрын жоғалған 17 жастағы алматылық қыз Көкшетаудан табылды

Опубликовано:

қыз1
Көрнекі фото: pixabay.com

Бір ай бұрын жоғалып кеткен 17 жастағы алматылық қыз Көкшетаудан табылды. Оқиғаның мән-жайын Амола облыстық полиция департаменті хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ведомство 12 мамыр күні оңтүстік астананың полициясына жоғалып кеткен кәмелетке толмаған қызды іздуге көмектесу туралы хабар келіп түскен.

Тәртіп сақшылары бір айдың ішінде қызды Алматы мен Қазақстан аумағынан іздестірген.

"8 маусым күні тәртіп сақшылары қызды Көкшетау көшесінен көріп қалған. Оның тұлғасын анықтау мақсатында құқыққорғаушылар одан жауап алған. Осылайша, оның басқа қалада жалғыз өзі емес, сүйіктісімен жүргені анықталды", - деді Ақмола облыстық ПД.

Жергілікті полицейлер алматылық әріптестерімен хабарласып, қыздың ата-анасына да хабар берді. Жастардың сөзінше, олар үйден алыс кеткісі келіп, Көкшетауға барған.

Қазір кәмелет жасқа толмаған қыз жақындарына табысталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1973851-bir-ai-buryn-zogalgan-17-zastagy-almatylyq-qyz-koksetaudan-tabyldy/

pixel