Енді Kaspi.kz қосымшасында автокөлікті кепілге онлайн қоюға және шығаруға болады

Опубликовано:

Kaspi.kz
Фото: Kaspi.kz

Kaspi.kz ІІМ және Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп жаңа инновациялық сервисті іске қосты. Енді Kaspi.kz қосымшасында автокөлікті онлайн кепілге қоюға немесе шығаруға болады.

Бұрын кепілге құжаттарды ресімдеу үшін банкке, мамандандырылған ХҚО-на, полицияға бару керек еді. Бұған бірнеше сағаттан бірнеше күн уақыт кететін.

Енді қазақстандықтар құжаттарға Kaspi электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы онлайн қол қойып, мемлекеттік баж салығын комиссиясыз төлеп, автокөлікті кепілге қойып, шығара алады. Бүкіл әрекет бірнеше минутта жүзеге асады. Сондай-ақ кепілден шығарылғаны туралы анықтаманы да Kaspi.kz қосымшасынан алуға болады.

Михаил Ломтадзе, басшысы және негізін қалаушылардың бірі:

"Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин ұстанған мемлекеттік қызметтерді демонополизациялау бағыты Kaspi.kz және басқа да инновациялық компанияларға әрбір қазақстандыққа арналған қызметтерді барынша қарапайым, ыңғайлы және қолжетімді етіп жасауға мүмкіндік береді. Өткен жылы біз автокөліктерді онлайн қайта тіркеуді іске қостық, қазір еліміздегі әрбір үшінші көлік Kaspi.kz арқылы онлайн тіркеледі. Бірақ көлікті кепілдікке қойған немесе шығарған кезде ХҚО-на барып, кезекке тұрып, уақыт жоғалтуға тура келетін. Сондықтан біз Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қолдауымен, Ішкі істер министрлігімен бірге сүйікті клиенттерімізге тікелей Kaspi.kz мобильді қосымшасында кепілді тез және оңай қоюға және шығаруға мүмкіндік беретін жаңа инновациялық қызметті енгіздік. Бұл бизнес пен мемлекеттің ынтымақтастығы қазақстандықтардың өмірін қалай жақсартатынын көрсететін тағы бір мысал".

Ішкі істер министрлігі мұны халыққа ыңғайлы болу үшін жасалған, ведомство әзірлеуге қатысқан бірінші қызмет емес екенін атап өтті. Соңғы бір жылда Ішкі істер министрлігі қаржы институттарымен бірлесіп, екінші деңгейлі банктердің қосымшалары арқылы азаматтарды және көлік құралдарын тіркеу бойынша қызмет көрсетуді жеңілдететін бірнеше жобаны қолға алды.

Бұл қызмет Kaspi.kz, "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ және ҚР ІІМ-нің ең заманауи технологиялардың мен жүйелерінің үздіксіз ықпалдасуының арқасында іске қосылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1973860-endi-kaspikz-qosymsasynda-avtokolikti-kepilge-onlain-qoyuga-zane-sygaruga-bolady/

jitsu gif