Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Көлігімізді Банкгоктағы көрмеге жібердік": Шымкенттік өнертапқыш жігіт электромобиль құрастырып шығаруда

Опубликовано:

Нұрсұлтан
Нұрсұлтан Сейсембай. Видеодан кадр: Qazaqstan ұлттық телеарнасы

Қазақстанда электромобильдер құрастырылуда. Tesla көлігінің отандық баламасын шымкенттік Нұрсұлтан Сейсембай есімді азамат жасап шығаруда, деп хабарлайды Qazaqstan ұлттық телеарнасы.

Жанармаймен жүретін көліктерден бас тартып, электромобильге көшу бүгінде дүниежүзінде кеңінен етек алған үрдіс. Бұл қатарда шымкенттік Нұрсұлтан Сейсенбай да бар. Ол тоқпен жүретін көліктерді өзі жасап шығаруда.

Нұрсұлтан инженерлік сала бойынша шетелдерде білімін жетілдіріп, бірнеше жыл бойы зерттеу жұмыстарын жүргізген. Бүгінде ісі алға басқан Нұрсұлтан заман талабына сай сәнді, экологиялық таза, мүлде шу шығармай қозғалатын техникалар жасап шығаруда. Өнертапқыш бұл салаға қызығушылығы бұрыннан барын айтады.

"Идея 1,5-2 жыл бұрын пайда болды. Өзім инженер-механикпін, әр уақытта осы көліктер, технологиялар туралы оқимын. Осыдан 1-2 жыл бұрын Англияда Lunaz design деген компания пайда болып, олар электрлі Ford жасап шығарды. Осы идеяны Қазақстанда жүзеге асырсақ қалай болар екен деп ойладық. Содан Қазақстанда да мұндай көліктерді жасауға болатынын түсіндік", - дейді Нұрсұлтан Сейсенбай.

Идея авторының сөзінше, бұл көліктердің басқа көліктерге қарағанда ерекшелігі көп. Электромобильдер әдеттегі автомобильдермен салыстырғанда әлдеқайда үнемді. Бір техниканы 100 пайыз қуаттау үшін сағатына орта есеппен 30 кВт электр энергиясы жұмсалады екен. Техникаларға сұраныс та жоғары көрінеді.

Нұрсұлтанның айтуынша, оның командасы люск көліктерді де жасайды, алайда олар Қазақстанда сұранысқа ие емес дейді ол.

"Біздің Rolls Roys Бангкогқа жіберіліп жатыр. Сол жақтағы галереяда көрмеде сатылады", - дейді Нұрсұлтан Сейсенбай.

Нұрсұлтанның коллекциясында қазір 10-нан аса автомобиль бар

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1973881-koligimizdi-bankgoktagy-kormege-ziberdik-symkenttik-onertapqys-zigit-elektromobil-qurastyryp-sygaruda/