Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Атақ үшін емес": Ақтөбелік бизнесмен ұлдарының тойында бауырлары мен достарына 14 iPhone сыйға тартты (видео)

Опубликовано:

iPhone сыйға тартылған сәт
Видеодан кадр: KAZ.NUR.KZ

Әлеуметтік желіде Ақтөбедегі тойда iPhone13 таратылғаны туралы ақпарат тарап кетті. Бұл мәліметке таң қалғандар да, сенбегендер табылды. Интернет желісінде хит болған той иесі KAZ.NUR.KZ тілшісіне сұхбат беріп, мұндай қадамға не үшін барғанын айтты.

31 жастағы кәсіпкер Данияр Шүкірбаев Ақтөбе облысы Темір ауданы Саркөл ауылының тумасы. Желіде хит болған той Ақтөбе қаласындағы мейрамханалардың бірінде өткен. Кәсіпкер бір ұлының бір жасқа толуына, екіншісінің сүндеттелуіне орай той жасаған.

Данияр Шүкірбаев той кезінде жақындарын қуантқысы келгенін де жасырмады. Сондықтан оларға iPhone смартфонын сыйға тартқан.

"14 iPhone 13 сатып алып, бауырларым мен достарыма бердім. Қасымда көмектесіп, тіреу боп жүрген ағаларыма сый жасағым келді. Мақтану үшін немесе атым шықсын деп жасалған дүние емес. Өзім дін жолындағы адаммын. Танымал болуды мақсат етпедім. Халыққа соны жеткізіңізші. Әлеуметтік желіде әр түрлі пікір қалдырғандар бар екен. Ел білмесе де, Аллаға аян жақсылықтарым бар. iPhone жақындарыма жасаған ең кішкентай сыйлығым. Әр адам көре алмаушылықтан құтылып, таршылық жасамаса, Алла береді. Ең бастысы - адалдық", - дейді Данияр Шүкірбаев.

Ақтөбелік кәсіпкер ұлының тойында айфон таратты
Данияр Шүкірбаев достарымен. Фото: жеке мұрағат

Кәсіпкер ата-анасының арқасында осындай дәрежеге жеткенін де айта кетті. Қазіргі уақытта ол отбасымен бірнеше бизнесті жүргізіп отырғанын атап өтті.

"Дәл бүгінгі жағдайға жеткенім әкемнің арқасы деп білемін. Әкем ұзақ жыл жүргізуші болды. Көлікке отыруды да, кәсіпті жүргізуді де үйреткен - әкем. 17 жасымнан бастап үлкен көліктердің рөліне отырдым. Кейін бір техника сатып алып, несібеміз артты. Қазір бірнеше салада жұмыс істейміз", - дейді 31 жастағы Данияр Шүкірбаев.

Тойды жүргізген асаба да өз тәжірибесінде мұндай сый-сияпатты бірінші рет кездестіргенін айтты.

"Тоғыз досы мен екі ағасына, студент кезде үйінде жатқан әпкесіне, баласының кіндік әке-шешесіне iPhone 13 берді. Досына көлік мінгізіп жатқандар бар. Бірақ мұндайды бірінші рет көрдім. Қазір адамдар тойдан ештеңе аямайды. Соңғы шоу-бағдарламаларды сұрайды", - дейді асаба Санат Саматұлы.

Ардақ Ерубаева,

Ақтөбе облысы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1973995-atymdy-sygaru-usin-zasagan-zoqpyn-aqtobelik-biznesmen-ulynyn-toiynda-bauyrlary-men-dostaryna-14-iphone-syiga-tartty-video/

pixel