Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Украинадағы 200-ге жуық үнді студенті білімін Қазақстанда жалғастыруы мүмкін

Опубликовано:

дәрігер
Көрнекі фото: pixabay.com

Үндістан үкіметі Украинаның медициналық жоғары оқу орындарында оқып жатқан студенттерін Қазақстанға ауыстыру туралы ресми өтінішпен жүгінген. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният үкімет кулуарында айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Кеше елімізге Үндістанның сыртқы істер министрі келді. Кездесуде ол Украинадағы 20 мыңнан астам үнді студенті оқуын жалғастыра алмай қалғанын айтып, бізден көмек сұрады. Негізінде, біздің медициналық университеттеріміз шамамен 200 студентті қабылдап, көмектесуге дайын. Шетелдіктерге ақылы түрде білім алады, ақысын өздері төлейді", - дейді Ажар Ғиният.

Сонымен қатар министр шетелден келген студенттерге мүмкіндігінше жатақханадан орын берілетінін атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1974010-ukrainadagy-200-den-astam-undi-studenti-bilimin-qazaqstanda-zalgastyruy-mumkin/

pixel