Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында азаматтық некедегі әйелін атып өлтірген ер адам сотталды

Опубликовано:

мылтық
Көрнекі фото: Хабар 24

Түркістан облысында азаматтық некедегі әйелін атып өлтірді деп айыпталған ер адамға сот үкімі шықты, деп хабарлайды otyrar.kz.

Оқиға Сауран ауданы Қаражон ауылында болған. Басылым мәліметінше, 41 жастағы ер адам азаматтық некедегі әйелінің басынан 16 калибрлі мылтықпен атқан.

Салдарынан келіншек оқиға орнында тіл тартпай кеткен.

Сотта ер адам әйелін өлтіруді көздемегенін, тек қорқытпақ болғанын айтқан.

Марқұмның артында 2, 15 және 16 жастағы үш баласы қалды. Ал ер адам 18 жылға сотталды.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Еске сала кетсек, бұған дейін Ақтауда кішкентай қызын өлтірді деп айыпталған әйелге сот үкімі шыққанын жазған едік. Келіншек 8 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1974089-oz-aielinin-basynan-atyp-oltirgen-turkistan-oblysynyn-turgyny-sottaldy/

pixel