Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жел, найзағай, бұршақ: Ауа райына байланысты еліміздің 10 өңірінде дауылдық ескерту жарияланды

Опубликовано:

Найзағай
Көрнекі фото: Pexels.com

"Қазгидромет РМК" ресми сайтында Қазақстанның 10 өңірінде дауылдық ескерту жариялады. Синоптиктердің болжамынша, 15 маусымда ел аумағының басым бөлігінде найзағай ойнап, жел тұрып, бұршақ жаууы ықтимал.

Мамандардың мәліметінше, 15 маусымда Маңғыстау облысының оңтүстігінде найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Сондай-ақ өңірде жел соғып, облыстың батысында, солтүстігінде күші 15-20 м/с дейін жетуі ықтимал.

Күндіз облыстың оңтүстігінде 40 градус аптап ыстық та күтіледі.

15 маусымда Ақтау қаласында да жел соғып екпіні 15-20 м/с дейін жетуі мүмкін.

15 маусымда Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Одан бөлек солтүстік-батыстан жел соғып, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с дейін жетуі ықтимал.

15 маусымда Қызылорда облысының орталығында да жел соғып, күші 15-20 м/с дейін жетуі мүмкін. Аймақта сонымен қатар Қызылорда қаласында 15 маусымда өрт қаупі сақталады.

15 маусымда таңертен және күндіз Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғып, найзағай кезінде күші 15-20 м/с дейін, облыстың солтүстігінде және шығысында екпіні 25 м/с дейін жетуі ықтимал.

15 маусымда күндіз Талдықорған қаласында да найзағай ойнап, оңтүстік-батыстан жел соғуы мүмкін. Найзағай кезінде желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетуі ықтимал.

15 маусымда күндіз Шығыс Қазақстан облысының орталығында, солтүстік-шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде өңірдің батысында, солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың басым бөлігінде найзағай ойнап, бұршақ жауып, дауыл тұруы ықтимал.

Сондай-ақ облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жел тұрып, екіпіні 15-20 м/с дейін, күндіз 23 м/с дейін жетуі мүмкін.

Облыстың батысында өрт қаупі сақталады.

15 маусымда Өскемен және Семей қаласында да найзағай ойнап, жел тұрып, екпіні күндіз 15 м/с-ке дейін жетеуі ықтимал.

15 маусымда Түркістан облысының тауларында найзағай, дауыл күтіледі. Өңірде солтүстік-шығыстан жел соғып, таулы аудандарда күші 15-20 м/с дейін жетуі мүмкін.

15 маусымда Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Сонымен қатар аймақта жел соғып, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз өңірдің басым бөлігінде 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, шығысында 23 м/с дейін жетуі ықтимал.

15 маусымда Петропавл қаласында да найзағай ойнап, жел тұруы мүмкін. Желдің күші күндіз 15-20 м/с дейін жетуі ықтимал.

15 маусымда Павлодар облысының солтүстігінде, батысында найзағай күтіледі. Одан бөлек өңірде жел тұрып, облыстың солтүстігінде, батысында күндіз екпіні 15-20 м/с дейін жетуі мүмкін.

15 маусымда Қарағанды облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Сондай-ақ өңірде жел тұрып, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с дейін жетуі ықтимал.

15 маусымда күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарда қатты жаңбыр, облыстың солтүстік-батысында, шығысында, таулы аудандарда найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі.

Сонымен қатар облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында жел тұруы ықтимал.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1974099-zel-naizagai-bursaq-aua-raiyna-bailanysty-elimizdin-10-onirinde-dauyldyq-eskertu-zariyalandy/

pixel