30-35 градусқа дейін ыстық: Алдағы үш күнде елімізде ауа райы қандай болады
Жарияланған күні:
"Қазгидромет" РМК ресми сайтында 16-18 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Синоптиктердің болжамынша, алдағы үш тәулікте айтарлықтай өзгерістер болмайды, тек жекелеген аудандарда күн күркіреп, өткінші жаңбыр жауады.
16 маусымда еліміздің шығысында, оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жаууы ықтимал.
Ал Қазақстанның солтүстік және орталық өңірлерінде күндіз 25-30 градусқа дейін, Қарағанды облысының оңтүстігінде 35 градусқа дейін ыстық болады деп күтілуде.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1974263-30-35-gradus-ystyq-aldagy-us-kunde-elimizde-aua-raiy-qandai-bolady/