Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Барлығы бірдей балл алуы мүмкін емес": Елдегі медициналық ЖОО студенттері емтихан қорытындысына шағымдануда

Опубликовано:

емтихан тапсырып жатқан студент
Көрнекі фото: pixabay.com

Еліміздегі медициналық білім беретін ЖОО студенттері мемлекеттік емтихан қорытындысына күмәнданып отыр. Себебі, сынақтан өткен студенттердің барлығы бірдей аз балл алған, деп хабарлайды КТК арнасы.

"Тест тапсырып біткеннен кейін барлық студенттің балы алпыс пен жетпістің аралығында біп-бірдей болып шығады. Сол бірдей болып шыққанына шамалы күмәнмен қарадық. Себебі барлық студент бірдей алып шығуы мүмкін емес", - дейді М.Оспанов атындағы БҚМУ студенті Ақбаян Төреғалиева.

Телеарна мәліметінше, мұндай бағамен резидентураға оқуға түсу қиын.

Интернатурада оқитын студенттерден мемлекеттік сынақ алу ұлттық тәуелсіз емтихан орталығы қоғамдық бірлестігіне жүктелген. Жастар тест тапсыру кезінде жариялық жоғына да шағымданып отыр. Ең қызығы апелляцияны емтихан үстінде беріп үлгеру керек екен.

"ҰТЕО-дан апелляция талап етеміз. Бізге қай жауапты дұрыс жазбадық, қайсысын дұрыс жаздық, соны көрсетуді талап етеміз. Олардың ережелері бойынша апелляцияны тек қана тест өту барысында бере аламыз. Ол кезде біз қай жауапты дұрыс белгіледік, дұрыс белгілемедік деп шықпайды, тек жалпы баға шығады", - дейді М.Оспанов атындағы БҚМУ студенті Гүлжамал Сағидоллаева.

Тест тапсырушылардың бірдей баға алғанына ректорлар да таң қалып отыр. Өйткені тек бір өңірдің емес, 5 аймақтағы университеттің жастарынан мемлекеттік емтиханға қатысты шағым түскен. Енді жоғары оқу орындарының басшылары да денсаулық сақтау министрлігінен осы мәселені шешіп беруді сұрауда.

"Еліміздегі медициналық жоғары оқу орындарындарының барлығында осындай жағдайға орын алып отыр. Ректорлар болып Денсаулық сақтау министрлігінің ғылым және адам ресурстары департаментіне хабарластық. Әлі осы мәселе талқыланып жатыр. Неге интерндердің барлығының бағасы бірдей болғанын тексереді. Сосын бір шешім қабылдайтын болар", - дейді М.Оспанов атындағы БҚМУ ректорының міндетін атқарушы Эльнара Исмағұлова.

Телеарна тест қорытындысына қатысты мамандар қазір түрлі болжам айтып жатқанын атап өтті. Олардың болжамынша, студенттер жауапты бір-бірінен көшіріп алған немесе техникалық ақау себеп болған.

Дереккөз: КТК арнасы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1974289-barlyq-student-birdei-ball-aluy-mumkin-emes-eldegi-medicinalyq-zoo-studentteri-emtixan-qorytyndysyna-sagymdanuda/

pixel