Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"4-7 жылға сотталады": Бас прокуратура қыз алып қашқан жағдайда қандай жаза қолданылатынын айтты

Опубликовано:

Полиция қызметкері
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Бас прокуратура қыз алып қашқан жағдайда қандай жаза қарастырылғанын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ведомство ең алдымен қыз алып қашу қыздың келісімімен болды ма әлде еркінен тыс болды ма осыны ажыратып алу керектігін атап өтті.

"Келісім бермеген қызды еркінен тыс алып қашса, күштеп ұстап, басқа жерге апарса, алып қашқандар осы мән-жайды білсе - бұл ауыр қылмыс саналады.

Қылмыстық кодекстің 125-бабы ("адам ұрлау") бойынша 4 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Ал егер кәмелетке толмаған қызды ұрласа, бұл жағдайда 7 жылдан 12 жылға дейін сотталуы мүмкін және мүлкі тәркіленеді", - дейді Бас прокуратурадан.

Ведомство қызды еркінен тыс алып қашқаны үшін қарастырылған ең ауыр жаза - 15 жылға бас бостандығынан айыру. Оның ішінде топ болып алып қашса, жәбірленушіні абайсызда өлтіріп алу және басқа да ауыр жағдайларға әкеп соқса, ұрланған адамды қанау мақсатында жасалса, осындай ауыр жаза қолданылуы мүмкін.

"Егер сізді алып қашса немесе көз алдыңызда осындай жағдай болса, дереу 102 қызметіне қоңырау шалыңыз. Полицияға мүмкіндігінше көліктің маркасы, түсі, нөмірі, алып қашқандардың түр-әлпеті, киімі секілді ерекше белгілерді хабарлаңыз.

Бұл жағдайда жай ғана куәгер болсаңыз да, арыз жазылмаса да қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталады. Егер ұрлаған адам жәбірленушіні босатса және оның әрекетінен қылмыстық құрам табылмаса, ол қылмыстық жауапкершіліктен босатылады", - дейді Бас прокуратурадан.

Айта кету керек, Қазақстанда неке жасы - 18.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1974336-4-7-zylga-sottalady-bas-prokuratura-qyz-alyp-qasqan-zagdaida-qandai-zaza-qoldanylatynyn-aitty/

pixel