Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау облысында мас күйде видеоға түсіп қалған полиция қызметкері жұмыстан шығарылды

Опубликовано:

Оқиға орны
Видеодан кадр: Ақ Жайық

Желіде ішімдік ішкен тәртіп сақшысының жол апатына ұшыраған көліктің жанында тұрған сәтінен видео тарап кетті. Атырау облысының полиция департаменті кадрдағы қызметкердің ішкі істер органдарынан шығарылғанын хабарлады, деп жазады Ақ Жайық.

Әлеуметтік желіде тараған видеодан жол апатына түскен көліктің жанында қарапайым сырт киім мен полиция қызметкерінің шалбарын киіп жүрген ер адамды байқауға болады.

Басылым жас жігіттің мас екенін жазған. Кейінірек, оның расында да полиция қызметкері екені анықталды.

Белгілі болғандай, бейнежазба Жылыой ауданында таспаланған. Ал оқиға орнына учаскелік инспектор келген екен.

Бұған қатысты Атырау облыстық полиция департаменті пікір білдірді.

"Аталған факті бойынша қызметкер полициядан шығарылды", - деп хабарлады ведомство.

Сонымен бірге Жылыой аудандық жергілікті полиция бөлімшесінің басшысы да қызметінен кеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1974448-atyrau-oblysynda-mas-kuide-videoga-tusip-qalgan-policiya-qyzmetkeri-zumystan-sygaryldy/

pixel