Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодарда көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты: Бір бала ауруханаға түсті (фото)

Опубликовано:

тілсіз жау
Оқиға орны. Фото: pavlodarnews.kz

Павлодарда көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты. Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары төрт бала мен бір ересек адамды құтқарды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, бүгін, 16 маусымда 16:04-те "101" пультіне Павлодар қаласы Жаяу Мұса көшесінде орналасқан тұрғын үйде өрт болғаны туралы хабарлама түскен.

"Өрт сөндірушілер он қабатты тұрғын үйдің сегізінші қабатында бір бөлмелі пәтерде жалпы аумағы 6 шаршы метр алаңда өрт болып жатқанын анықтады. Сондай-ақ тоғызыншы қабатта бір бөлмелі пәтерде 3 шаршы метр алаңда пластикалық балконның жақтауы жанса, оныншы қабаттағы бір бөлмелі пәтерде жоғары температураның әсерінен пластикалық балкон жақтауы балқып кетті", - делінген хабарламада.

Арнайы мамандардың 8-қабаттағы пәтердің сыртқы металл есігін бұзып ашқаны белгілі болды.

Барлау барысында 2015 жылғы бала қонақ бөлмесіндегі төсекте ес-түзсіз күйде табылған.

№ 3 өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы Дастан Сүлейменов балаға "Фенист" құрылғысын салып, далаға көтеріп шығарған.

Зардап шегуші қазіргі уақытта облыстық балалар ауруханасына жатқызылды.

Сонымен қатар ведомство қызметкерлері 8-9-қабаттан 3 бала мен 1 ересек адамды құтқарды және 25 адамды, оның ішінде 10 баланы эвакуациялады.

Қызыл жалын 16:38-де толығымен ауыздықталды.

Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1974469-pavlodarda-kop-qabatty-turgyn-uiden-ort-syqty-bir-bala-auruxanaga-tusti-foto/

pixel