Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола облысынан 39 бас жылқы ұрлап, Жамбыл облысына апарып сатып жіберді деген күдіктілер ұсталды

Опубликовано:

Үйір жылқы
Көрнекі фото: pixabay.com

Ақмола облысының полиция қызметкерлері 39 жылқыны екі жүк көлігіне тиеп әкетті деген күдікпен бір топ адамды қолға түсірді. Олар Ерейментау ауданынан ұрлаған үйірді Жамбыл облысына апарып сатып жіберген, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Телеарнаның мәліметінше, күдіктілер Ресей мен Жамбыл облысынан келген.

Олар 40 шақты жылқымен Ерейментаудан Нұр-Сұлтан қаласы арқылы Таразға және Жамбыл облысындағы Байзақ ауданына жеткенше 1700 шақырым жол жүріп өткен. Осы аралықта  көліктерді ешкімнің тоқтатпағаны белгілі болды.

Бұған қатысты Ақмола облыстық полиция департаменті пікір білдірді.

"Күдіктілердің бірі Ресей Федерациясында үш адамды өлтіргені үшін ресми іздеуде екен. Олар өрістегі мал бағусыз қалған сәтін аңдыған. Түнде әрекет еткен. Қазір мал ұрлығы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Бұл ауыл тұрғындарының малы. Шығын 18 миллион теңге деп бағаланды", - деді Ақмола облысы полиция департаменті бөлім бастығы Оралбек Сыздықов.

Айта кетейік, олар жылқыларды сойып, етін базарға өткізген. Қазіргі уақытта үшеуі де қамауға алынды.

Дереккөз: КТК телеарнасы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1974488-aqmola-oblysynda-39-bas-zylqy-urlap-zambyl-oblysynda-satyp-zibergen-kudiktiler-ustaldy/

pixel