Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтан мен Ақмола облысында антитеррористік оқу-жаттығу басталды

Опубликовано:

Орал
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Бүгін, 17 маусымда Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақмола облысының Ақмол ауылында антитеррористік оқу-жаттығу жиындары өтеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Басылымның елорданың терроризммен күрес жөніндегі жедел штабына сілтеме жасап хабарлауынша, оқу-жаттығу сағат 08:00 мен 15:00 аралығында өткізіледі.

  • Нұр-Сұлтан қаласында Қорғалжын тас жолы мен Домалақ ана көшесінің қиылысында;
  • Ақмол ауылында Наурыз және Бақыт көшелерінің қиылысы жанында шектеу қойылады.

Осыған байланысты жедел штаб елордалықтар мен Ақмола облысының тұрғындарына үндеу жасады.

"Біз азаматтарды өтіп жатқан оқу-жаттығу шараларына, көліктер мен тұрғындардың қозғалысына қойылуы мүмкін уақытша шектеулерге түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға және тартылған мемлекеттік орган қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға шақырамыз", - делінген хабарламада.

Іс-шараның мақсаты - ведомствоаралық өзара іс-қимыл дағдыларын дамыту, жедел штабтың күштері мен құралдарының лаңкестік көріністерге жедел ден қою тапсырмаларын орындауға дайындығын тексеру.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1974496-nur-sultan-men-aqmola-oblysynda-antiterroristik-oqu-zattygu-bastaldy/

pixel