Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Таразда зейнет жасындағы ер адам жоқ кірпішті 10 млн теңгеге сатып жіберді деген күдікпен ұсталды

Опубликовано:

Ұстау
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Тараздың 64 жастағы тұрғыны өзін кірпіш зауытының иесі ретінде таныстырып, жоқ кірпіштерді сатты деген күдікке ілінді. Бұл туралы Жамбыл облысының полиция департаментінің Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Тәртіп сақшыларының мәліметінше, полицияға алаяқтық фактісі туралы Жамбыл облысының бірнеше тұрғыны арызданған.

"Жәбірленушілердің айтуынша, 2020-2021 жылдар аралығында ер адам онлайн-хабарландыру платформасы арқылы өзін кірпіш зауытының иесі ретінде көрсетіп, сенімге кірген. Осылайша, ер адам кірпішке тапсырыс алған, ал ақша алғаннан кейін байланысқа шықпай қойған", - делінген ведомство хабарламасында.

Жалпы зардап шеккендер алаяқтан 400 мыңнан астам "кірпіш" сатып алған. Шығын сомасы шамамен 9,4 млн теңгені құрап отыр.

Жедел-іздестіру шаралары барысында тәртіп сақшылары облыс орталығының 64 жастағы тұрғынын ұстады. Қолға түскен азамат кінәсін мойындаған.

Ер адамның барлық ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсағаны белгілі болды. Қазіргі уақытта "Алаяқтық" бабы бойынша тергеу жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1974506-tarazda-alayaq-zoq-kirpisti-10-mln-tengege-satyp-zibergen/

pixel