Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодарда әйелді үйінде зорлады деген күдікпен ер адам ұсталды

Опубликовано:

Кісен салу
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Павлодар қаласында әйел зорлады деген күдікпен ер адам ұсталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, Павлодарда "102" нөміріне жергілікті тұрғын хабарласып, өз үйінде белгісіз азаматтың зорлағанын айтып, шағымданған.

Хабарлама түсе салысымен 5512 әскери бөлімінің сақшылары тез арада ер адамды іздестіруге кіріскен.

Сағат түнгі 22.30 шамасында Нұрмағамбетов көшесі бойындағы үйлердің аулаларын аралау барысында күдікті әскери жасақты көре сала бірден абдырап қалған.

Олар ер адамды қолға түсіріп, №4 полиция учаскесіне жеткізген.

Осы ретте ведомство жәбірленушінің ұсталған азаматты бірден танығанын хабарлады.

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 120-бабының 1-тармағы бойынша ("Зорлау") қылмыстық іс қозғалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1974562-pavlodarda-aieldi-uiinde-zorlady-degen-kudikpen-er-adam-ustaldy/

pixel