Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда экобелсенді Салтанат Тәшімова 15 тәулікке қамауға алынды

Опубликовано:

Үкім оқып жатқан судья
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Экобелсенді Салтанат Тәшімова 15 тәулікке қамауға алынды. Ол рұқсат етілмеген митингке қатысқаны үшін әкімшілік жазаға тартылған. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі Алматы қаласының әкімшілік сотына сілтеме жасап хабарлайды.

Соттың мәліметінше, 2022 жылдың 16 маусымында әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық сотына митингке заңсыз қатысу фактісі бойынша (ӘҚБтК-нің 488-бабының 6-бөлігі) Т. есімді азаматшаға қатысты материал келіп түскен.

"Сот 2022 жылдың 9 сәуірінде "Минина" саябағында Т. есімді интернет-блогер бастаған тұрғын үй кешендерінің тұрғындары Алматы қаласы әкімдігінен жиын, митинг өткізуге рұқсат алмай, қолдарына плакат ұстап, қоғамдық шараға заңсыз қатысқанын анықтады. Т. заңсыз митингке белсенді түрде қатысқан", - дейді соттан.

Сот отырысы кезінде белсенді өзінің кінәсін мойындамаған. Десе де ол саябақ маңында расымен болғанын және ол жерге тұрғын үй алабын салуға қарсы шыққан тұрғындардың шақыртуымен барғанын атап өткен.

Сотта прокурор белсендіні құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, 15 тәулікке қамауға алу түріндегі әкімшілік жаза тағайындауды сұрады. Сот бұл өтінішті қанағаттандырды.

"Әкімшілік жазаның түрі мен мөлшерін анықтау кезінде сот құқық бұзушылықтың сипатын, құқық бұзушылықты қасақана жасау фактісін, құқық қорғау органдары, жергілікті атқарушы орган өкілдерінің құқық бұзушылықты тоқтатуды заңды түрде түсіндіре отырып, талап еткеніне қарамастан, құқыққа қайшы әрекеттің жалғасқанын есепке алды. Қазіргі уақытта сот актісі заңды күшіне енген жоқ және онымен келіспеген жағдайда апелляциялық сотқа шағым түсіруге болады", - дейді Алматы қаласының әкімшілік сотынан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1974587-almatyda-ekobelsendi-saltanat-tasimova-15-taulikke-qamauga-alyndy/

pixel