Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы әкімі тау бөктерінде құрылысқа тыйым салынатынын айтты

Опубликовано:

тау
Көрнекі фото: pixabay.com

Алматы әкімі Ерболат Досаев тау бөктерінде құрылысқа тыйым салынатынын айтты. Бұл туралы қала басшысы Медеу ауданының тұрғындарымен кездесуде мәлім етті, деп хабарлайды Қазақпарат.

Тұрғындар қала әкімімен кездесу барысында тау баурайында үй құрылысы қарқынды жүріп, алма бақтары кесіліп жатқанын айтты.

Олардың пікірінше, мұның арты табиғи апатқа әкелуі мүмкін. Сондықтан тұрғындар әкімнен осы мәселені шешіп беруді сұрады.

Бұған жауап берген Ерболат Досаев тау баурайындағы құрылыс мәселелері бойынша дүйсенбі күні мәслихат сессиясы өтетіні, сол кезде құрылыс ережелері туралы шешім қабылданатынын жеткізді.

"Ең бастысы, тау бөктерінде құрылыс салуға тыйым салынады", - дейді ол.

Одан бөлек "Каменская плата" ықшамауданының тұрғындары бау-бақша егу аумағын қайтаруды, сондай-ақ заңсыз берілген жер телімдерін қайта рәсімдеу жұмыстарын жүргізуді сұрады.

Досаев бұл мәселе өте күрделі екенін және оны шешу мүмкін емес екенін атап өтті.

"Жерге меншік құқығы туралы актілердің барлығы бізге аумақты қосып алған кезде негізінен Талғар ауданынан берілді. Олардың тиісті заңды күші бар. Бұл мәселені толығымен шеше алмаймыз. Бұл Талғар ауданына ғана қатысты емес, Наурызбай мен Алатауға қосылған жаңа аймақтар бар. Әркімнің ісі бар. Олар қаланың бір бөлігіне айналды. Келеңсіз жағдай болмас үшін тиісті жұмыстар жүргізілетін болады", - дейді әкім.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1974616-almaty-akimi-tau-bokterindegi-qurylysqa-tyiym-salynatynyn-aitty/

pixel