jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

"Табиғатқа жасалған қастандық": Шымкенттіктер 350 млн теңгеге салынған саябақтың қурап қалғанын айтты

Қураған саябақ
Видеодан кадр: КТК телеарнасы

Шымкентте былтыр ғана бюджеттің миллиондарына салынған саябақ қурап қалды. Мыңдаған түп қымбат көшет отырғызылғанымен былтырдан бері бір тамшы су көрмей солып жатыр, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Телеарнаның мәліметінше, орманшы алабындағы саябақ былтыр қараша айында ғана ашылған. Бұған дейін бұл жер қоқыс полигоны болған.

Тұрғындар бес жыл жүріп, 25 жыл тұрған қоқысхана орнына саябақ салдырған. Оған бюджеттен 350 миллион теңгеден астам ақша бөлінген. Құжат бойынша Алатау деп аталатын бұл бақ гүлмен көмкеріліп, су бұрқақтар атқылап жатуы тиіс еді. Бірақ іс жүзінде көшеттер қурап қалған.

"Можевельник деген 782 түбі отырғызылды, ақ қайың 108 түбі, сәлбина 293 түп, альбиса деген 562 түп, писарда деген 474 түп, уксусный деген 50 түп, осының бәрі гүлдейтін қымбат ағаштар. Ал енді сонша еңбектеніп, осынша ағаш егілгеннен кейін бірде-бір су берілген жоқ. Өнген ағаштың бәрі өлді. Осыған біз халық болып жүрегіміз ауырып, көмек сұрап, сіздерді шақырып отырмыз. Табиғатқа жасалып отырған қастандық бұл", - деді қала тұрғыны Әнипа Төртбаева.

Тұрғындардың айтуынша, жобаны көрсеткен шенеуніктер бұл саябақта бетон арықтар, су бұрқақтар мен балаларға арналған 11 ойын алаңшасы болады деген.

"Қосалқы бөлшек Ресейден алынады. Ресей мен Украина арасындағы оқиғаны білесіздер, содан жаңағы бөлшектерді жеткізу кешігіп жатыр. Суғару жүйесінің бұзылған жерлері бар, оны жақын арада жасаймыз деп отырмыз.3 Ал су жүйесі жақын арада қалыпқа келтіріледі", - деді Шымкент қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының бөлім басшысы Дархан Тұрғанбай.

Шенеуніктер алғашында уәде етілген фонтан, бетон суағар мен қосымша балалар ойнайтын алаңның жоқтығын ақшаның үнемделгенімен түсіндіреді.

Ал қураған ағаштарды алып тастап, орнына күзде жаңасы егілетінін айтты. Бірақ атқамінерлердің бұл жауабына қанағаттанбаған жұрт құзырлы орындарға шағымданбақ.

Дереккөз: КТК телеарнасы

"Табиғатқа жасалған қастандық": Шымкенттіктер 350 млн теңгеге салынған саябақтың қурап қалғанын айтты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.