Шымкентте үздік тауарлар көрмесі өтті

Опубликовано:

Шымкентте үздік тауарлар көрмесі өтті
Фото: Шымкент қаласының әкімдігі

Шымкент қаласында 17-19 маусым күндері «Қазақстанның үздік тауары-2022» өңірлік байқау-көрмесі өтуде. Орталық саябақта қаланың азық-түлік, фармацевтика, машина жасау, химия, жеңіл өнеркәсіп, агроөнеркәсіп кешені мен құрылыс индустриясының 70-тен астам тауар өндірушілері өз экспозицияларын орналастырды.

Үздік сапа иесін анықтау мақсатында ұйымдастырылған шараға қала әкімі М.Әйтенов, мәслихат депутаттары, кәсіпкерлер қатысты. Шаһар басшысы павильондарды аралап, жергілікті тауар өндірушілердің өнімдерімен танысты. 

Шымкентте үздік тауарлар көрмесі өтті
Фото: Шымкент қаласының әкімдігі

Бұл жылғы көрмеге алғаш рет оннан астам жаңа компаниялар қатысуда, олардың ішінде «Бесқұдық тас» ЖШС (декоративтік тастар өндірісі), «Topseller of chemical products» ЖШС (дезинфекциялаушы және жуғыш заттар өндірісі), «Qut-Bereke Qurylys» ЖШС (металл құрылымы), «Quraq group» ЖШС (трансформер жиһазы), «Alem Luxury» ЖШС (жиһаз), «БАРАКА» ЖК (сүт өнімдері), «NURTAU distribution company» ЖШС (сұлы шоколад кәмпиттері мен сағыз өндірісі), «Петухова» ЖК (бөлмеаралық есіктер) бар. Мұнда ірі компаниялар ғана емес, шағын және орта бизнес өкілдері де өздерін таныта алады.

Шымкентте үздік тауарлар көрмесі өтті
Фото: Шымкент қаласының әкімдігі

Арнайы құрылған сараптамалық комиссия үш номинация бойынша конкурс дипломанттарын таңдайды: «Халық тұтынатын үздік тауарлар», «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар», «Үздік азық-түлік тауарлары». Жеңімпаздар жыл соңында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін «Қазақстанның үздік тауары-2022» республикалық байқауына қатысады. 

Шымкентте үздік тауарлар көрмесі өтті
Фото: Шымкент қаласының әкімдігі

Шымкентте үздік тауарлар көрмесі өтті
Фото: Шымкент қаласының әкімдігі

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1974691-symkentte-uzdik-tauarlar-kormesi-otti/

jitsu gif