Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Шалымның соққан тамы еді": Кезінде күйеуімен бірге тұрғызған қораның сүріліп жатқанын көрген әжей жылап қалды

Опубликовано:

әже
Видеодан кадр: Tik Tok/akerkeabilkhan

Кезінде күйеуімен бірге тұрғызған қарашаңырақтағы мал қораның сүріліп жатқанына жүрегі ауырып, көзіне жас алған 80 жастағы әжейдің видеосы Tik-tok желісінде қызу талқылануда, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Видеоны парақшасына блогер Ақерке Әбілхан жариялады.

"Шалымның соққан тамы еді, жүрегім ауырып тұр", - деп көз жасына ерік береді әжей видеода.

Қарт кісіге жаны ашыған желі қолданушылары аяушылық білдіріп, бейнежазбаға түрлі пікір қалдырған.

"Жаным апатайым-ау! Басқа жерден болмады ма? Апаның жүрегін ауырттыңдар ғой", "Апамды көріп менде бір жылап алдым", "Бұзбау керек еді, көненің көзі болар еді ғой", "Жүрегіңізден айналдым, апатайым, менде жылап алдым, үлкен зәулім үйге кіріп, көз жасыңыз қуанышқа ұлассын апа, рахатын көруді Алла нәсіп етсін! Жыламаңыз", - деп жазған олар.

Желі қолданушыларының пікірінен соң, видео авторы әжесінің не үшін жылағанын түсіндірді.

"Әженің көңілі үшін ата соққан үлкен үй де, жазғы үй де бұзылмай тұр. Қара шаңырақ орнынан бір жаңа үй түспей ме екен? Өмір өтеді, зат жаңарады. Бәрі әженің рұқсатымен, тек шалының бейнетін еске алып естеліктерін айтып, көз жасын сығып алды", - дейді блогер.

Видео Tik-tok желісінде 1 миллионнан астам қаралым жинап үлгерген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1974719-salymnyn-soqqan-tamy-edi-kezinde-kuieuimen-birge-turgyzgan-qoranyn-surilip-zatqanyn-korgen-azei-zylap-qaldy-video/

pixel