Ақтөбеде қараусыз қалған элеватор резервуарына құлап кеткен бала көз жұмды

Опубликовано:

аурухана11
Көрнекі фото: pixabay.com

Ақтөбеде мамыр айының соңында қараусыз қалған элеватор резервуарына құлап кеткен 9 жасар бала көз жұмды. Бұл туралы балалар ауруханасының бас дәрігері "Диапазон" басылымына мәлім еткен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Дәрігерлердің жан-жақты көмек көрсеткеніне қармастан, ол 18 мамыр күні шамамен 22:00-де алған жарақатынан көз жұмды", - дейді балалар ауруханасының бас дәрігері Ербол Жапақов.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ақтөбеде ойнауға кетіп, үйіне оралмаған бала ескі элеватордың астық сақтайтын резервуарынан табылғанын хабарлаған едік.

Белгілі болғандай, ол тереңдігі 10 метр болатын резервуарға құлап кеткен. Кейін құтқарылған жеткіншек іс-түсіз күйде аурухана жеткізілген болатын.

Сол кезде дәрігерлер бала көптеген жарақат алғанын, жағдайы ауыр екенін айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1974731-aqtobede-qarausyz-qalgan-elevator-rezervuaryna-qulap-ketken-bala-koz-zumdy/