Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады

Опубликовано:

Жаңбыр
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

"Қазгидромет" РМК ресми сайтында 21-23 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Синоптиктердің болжамынша, алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады.

Бірақ жаңбырға қарамастан, елдің көп бөлігінде температурада айтарлықтай өзгерістер болмайды. Тек солтүстік аймақтарда ыстықтың беті қайтып, күндіз сынап бағанасы 18-28 градусқа дейін аздап төмендеуі мүмкін.

Одан бөлек 21 маусымда солтүстікте, елдің таулы және тау бөктеріндегі аудандарында қатты жаңбыр және бұршақ жаууы ықтимал.

Сондай-ақ найзағай ойнап, жел күшеюі мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1974825-aldagy-us-taulikte-qazaqstannyn-basym-boliginde-zanbyr-zauady/

pixel