Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қаңтар оқиғасы: Бас прокуратура "Дикий Арманға" қатысты жаңа мәлімет жариялады

Опубликовано:

Қаңтар оқиғасы
Қаңтар оқиғасы. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Бас прокуратураның қылмыстық қудалау қызметінің бастығы Серік Шалабаев ОКҚ өткен брифингте "Дикий Арман" лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевтің қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде жасалған қылмыстарға белсенді түрде қатысқанын хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Серік Шалабаевтың сөзінше, бүлік, мемлекеттік нысандарды өртеу, мүлікті жою және терроризм актісі бойынша 5 мыңнан астам сотқа дейінгі тергеу басталған.

Оның айтуынша, еліміздің әр өңірінде қылмысты ұйымдастырған 27 адам анықталған. Олардың қатарында Алматы әуежайына шабуыл жасап, "Көктөбе" телемұнарасын басып алмақ болғандар да бар.

"Қылмыстық ортада "Дикий Арман" лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиев пен оның сыбайластарының рөлі ерекше. Атап айтқанда, 6 қаңтарда оның қылмыстық тобына қатысушылардың бірі мен Алматы қаласындағы "Қазақстан" қонақ үйіне келгендерге Glock және "Макаров" маркалы тапаншалар таратылды. Осы уақытта қаруланғандар ұйымдастырушы мен оның қарамағындағы адамдардан тиісті нұсқаулар алды", - деді Шалабаев.

Шалабаевтың айтуынша, олар серіктестерін 10 адамнан тұратын топтарға бөліп, рөлдерін анықтаған. Өз ішінен басшылары сайланып, бронды кеудеше мен басқа арналған қорғаныс құралы, атыс қаруы мен 200 мың теңге таратылған.

Ал қатардағы серітестеріне суық қарулар мен денеге зиян келтіруге болатын басқа заттармен қарулануды тапсырған.

"Ерекше белгі ретінде барлық қатысушы сырт киімінің жеңіне ақ мата таққан. Аталған қарулы топтар қаланың әртүрлі нүктесінен 24 азаматты ұрлап, оларды ұрып-соғып, Ritz Carlton және "Қазақстан" қонақ үйлерінің паркингтерінде ұстаған. Кейін жәбірленушілер қала шетіне жеткізіліп, металл контейнерлерге қамалған. Салынған дене жарақаты салдарынан жәбірленушілердің бірі қайтыс болды", - деді ол.

Айтуынша, аталған қылмыстарды жасады деген күдікпен 40 адам қамауға алынды. Қазіргі уақытта қылмыстық топтың басқа мүшелерін анықтау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1974885-qantar-oqigasy-bas-prokuratura-dikii-armanga-qatysty-zana-malimet-zariyalady/

pixel