Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бурабайда демалыста жүрген 17 жастағы жігіт ауыр жарақат алып, жансақтау бөліміне түсті

Опубликовано:

Бурабай
Көрнекі фото: borovoe.kz

Елорданың 17 жастағы тұрғыны Бурабайдағы демалыста ауыр жарақат алып, жансақтау бөліміне түсті. Бұл туралы Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ведомсто дерегінше, 18 маусым күні сағат 14.48-де Щучинск ауруханасының жансақтау бөліміне 17 жастағы Нұр-Сұлтан тұрғыны түскен. Оған іш қуысының терең жарақаты диагнозы қойылған.

Алдын ала тергеу барысында жігіттің жалға алған велосипедтен құлағаны белгілі болды.

"Бурабай аудандық полиция басқармасы тергеу бөлімі аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 306-бабы 1-бөлігі (Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызмет көрсету) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Оқиғаның себебі анықталып жатыр", - деп түсіндірді облыстық полиция департаментінен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1974905-burabaida-demalysta-zurgen-17-zastagy-zigit-auyr-zaraqat-alyp-zansaqtau-bolimine-tusti/

pixel