Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Құдаларға дәстүрді көрсетті": Голландиялық жігітке тұрмысқа шыққан қазақ қызы халық әнімен ұзатылды (видео)

Жарияланған күні:

Қазақ қызы Нидерланд азаматына ұзатылды
Тойдан үзінді. Скриншот: instagram/aibala_osietkyzy

Дәстүрлі ән өкілі Айбала Өсиетқызы әлеуметтік желіде ерекше тойдан үзінді жариялады. Ол құрбыларымен бірге Нидерланд азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызының ұзатуында ән салды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Бүгінгі той ерекше болды. Қазақ қызы голландиялық жігітке тұрмысқа шығып жатыр екен.

Тойдың басынан аяғына дейін жанды дауыста ұлттық әндер шырқалып, құдаларға қазақтың салт-дәстүрлерін көрсетті.

Біз де той иелерінің қалауы бойынша қызды жанды дауыста, ешқандай минусовка, аспапсыз "Балапан қаз" атты халық әнімен ұзаттық.

Ең басында "Гәкку" әнімен алып шыққан болатынбыз, тек видеоға түспей қалыпты. Жастар бақытты болсын", - деп жазды Айбала Instagram желісіндегі парақшасында.

Айта кетелік, бұған дейін нигериялық азаматқа тұрмысқа шыққан Зайда Жаңабаева туралы жазған болатынбыз. Атыраулық бойжеткен ұзатуында сыңсу айтып, көпшіліктің ықыласына бөленді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1974944-qudalarga-dasturdi-korsetti-gollandiyalyq-zigitke-turmysqa-syqqan-qazaq-qyzy-zandy-dauystagy-xalyq-animen-uzatyldy-video/