Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Каспий жағалауында жүзден астам өлі құс табылды (видео)

Опубликовано:

Суқұзғын
Көрнекі фото: pixabay.com

Маңғыстау облысындағы Баутино және Аташ кенттеріндегі шығанақ жағалауында балықшылар жүзден астам құстың өлексесін тапты. Мамандар қанаттылардың жаппай өліміне дауыл себеп болуы мүмкін деп отыр.

Құстардың өлексесін балықшылар тауып, видеоға түсіріп алған, деп жазады Lada.kz. Куәгерлер желіде бөліскен бейнежазбадан жағалауда жатқан, су бетінде қалқып жүрген өлі құстарды көруге болады.

Кейінірек мамандар өлген құстардың суқұзғын екенін мәлімдеді.

Барлығы 160 құстың ұшасы табылды, деп хабарлады Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының аңшылық шаруашылығы бөлімінің басшысы Тұрғанбай Шапағатов.

"Құс Қызыл кітапқа енбейді, оны ауламайды. Бұл жерде адамдардың қатысы жоқ, алдын ала болжам бойынша бәрі экологияға байланысты. Эколог мамандар судан, ауадан, құс ұшасынан материалдар алды. Нәтиже келе салысымен хабарлаймыз. Біз құстардың өлімі екі-үш күн бұрын болған дауылмен байланысты деп болжап отырмыз", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1974965-kaspii-zagalauynda-zuzden-astam-oli-qus-tabyldy-video/

pixel