Ақмола облысында тоқ соққан ер адам көз жұмды
Жарияланған күні:
Ақмола облысында жаңадан салынып жатқан нысанда жұмысшыны тоқ соғып, салдарынан ол қаза тапты. Қазіргі уақытта полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтауда, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, 20 маусымда Есіл аудандық полиция басқармасының кезекші бөліміне жедел жәрдем станциясының фельдшерінен хабарлама келіп түскен.
Онда жаңадан салынып жатқан нысаның бірінде жұмысшыны тоқ соғып, салдарынан 33 жастағы Көкшетау қаласы тұрғынының көз жұмғаны айтылған.
Оқиға орнына келген жедел-тергеу тобы ер адамды бетон араластырғыш машинаны тазалау кезінде тоқ соққанын анықтаған.
"Қазіргі уақытта аталмыш факт бойынша тергеу бөлімі Қылмыстық кодекстің 156-бабының 3-бөлігі ("Қауіпсіздік техникасы ережелерін бұзу") бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде. Сот-медициналық сараптама тағайындалды", - деп хабардар етті Ақмола облыстық полиция департаментінен.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1975054-aqmola-oblysynda-er-adamdy-toq-soqty/