Жеңілдетілген автонесие бойынша екі банкке кезекті транш бөлінді
Жарияланған күні:
"Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ (бұдан әрі-Қор) "Еуразиялық Банк" АҚ және "Қазақстан Халық Банкі" АҚ банктеріне жеңілдетілген автонесиелерді қаржыландыру бағдарламасына қатысты кезекті транштардың бөлінгені туралы хабарлайды.
Лимиттердің бөлінетін сомасы :
- "Еуразиялық Банк"АҚ - 10 млрд теңге;
- "Қазақстан Халық Банкі"АҚ - 7,5 млрд теңге.
Осылайша, бағдарлама аясында қатысушы банктерге 90 млрд теңге беріліп отыр. Оның ішінде:
- "Еуразиялық Банк" АҚ - 25 млрд теңге;
- "Банк Центр Кредит" АҚ - 27,5 млрд теңге;
- "Қазақстан Халық Банкі" АҚ - 22,5 млрд теңге;
- "Forte Bank" АҚ - 15 млрд теңге.
Бөлінген траншты игергеннен кейін 10 млрд теңге мөлшеріндегі қалған лимит "Еуразиялық Банк" АҚ бөлінеді.
Бүгінгі таңда қатысушы банктер жалпы сомасы 82 млрд теңгеге 10 888 өтінімді мақұлдаған, 4 847 автомобиль берілген.
"Айта кету керек, 90 млрд теңгеден игерілмеген лимит 8 млрд теңгені құрайды. Осы сома шегінде автонесие алуға өтінімдерді тек "Еуразиялық Банк" АҚ және "Қазақстан Халық Банкі" АҚ қабылдайды. Бағдарламаға қатысушы қалған банктер бөлінген лимиттерді толық игерді", - дейді қордың баспасөз қызметінен.
Жаңа автонесиелер беруді одан әрі қатысушы банктер бастапқы қарыз алушылар қайтаратын кредиттік төлемдер есебінен револьверлік несиелеу шеңберінде жүзеге асыратын болады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1975083-zenildetilgen-avtonesie-boiynsa-eki-bankke-kezekti-trans-bolindi/