Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Екібастұзда өрт сөндірушілер өртеніп жатқан үйден балаларды алып шықты (видео)

Опубликовано:

Өрттен баланы алып шықты
Фото: Павлодар облыстық ТЖД

Екібастұзда өрт сөндірушілер өртеніп жатқан үйден бірнеше адамды алып шықты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі өңірлік ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство дерегінше, Екібастұз қаласында Сәтбаев көшесі 22/3 мекенжайындағы өрт туралы хабарлама "101" пультіне 20 маусым күні сағат 10:45-те түскен. Осылайша, бес қабатты түрғын үйдің екінші қабатындағы үш бөлмелі пәтерден өрт шығып,жалпы ауданы 18 шаршы метрді құрағаны анықталған. Оқиға орнында жиһаз бен пластикалық терезелер, үй заттары жанған.

"Барлау барысында №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға инженері Дархан Түсіпов бесінші қабаттағы пәтерден 2013 жылғы баланы, ал №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі Ерболат Төлеутаев 2014 жылғы қызды алып шықты.

Өрт сөндірушілер төрт адамды, оның ішінде бір баланы эвакуациялады. Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін сатылы марш бойынша жеті адам, оның ішінде бір бала өздігінен эвакуацияланды", - делінген хабарламда.

Өрт сағат 11-20-да сөндірілген. Павлодар облыстық ТЖД, "102", "103"қызметтерінің жеке құрамынан 14 адам және 4 техника жұмылдырылды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1975103-ekibastuzda-ort-sondirusiler-ortenip-zatqan-uiden-balalardy-alyp-syqty-video/

pixel