Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еліміздегі қант тапшылығына не себеп: Мамандар пікір білдірді

Опубликовано:

Қант
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Елімізде қант бағасы тағы да көтерілуі мүмкін. Бұл қат дүниеге айналған қант мәселесін одан сайын ушықтыруы ықтимал. Қазір қорда елге қажеттілігінің жартысын ғана өтейтін өнім бар, деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Телернаның мәліметінше, Қазақстандағы қанттың 90 пайызы шетелдік шикізат – қант құрағынан жасалады. Небәрі 10 пайызы - отандық өнім. Еліміз шетелдік шикізатты біртіндеп қысқартуды көздеп отыр. Десе де, ішкі сұраныстың орнын толтыру үшін шекерді сонау Бразилия мен Үндістаннан тасымалдауға мәжбүр.  

"Күнделікті қантпен қамтамасыз ету мәселесін басты назарда ұстаймыз. Тараз, Мерке, Көксу, Ақсу  зауыттарының жүктемесі артқан. Сондай-ақ тездетіп шетелден қант жеткізетін компаниялармен келісімшарт жасалуда", - деді АШМ аграрлық азық-түлік нарықтары, органикалық өнім және техникалық реттеу департаменті директорының орынбасары Сәуле Жұрынова.

Биыл 12 мың тонна қант қызылшасы егілген. Бұл ел тарихындағы ең аз көрсеткіш. Оған себеп, соңғы жылдары қызылшаны баптап өсіретін шаруалардың шығыны артып, заманауи комбайндар алуға жағдайы келмейді.

"Қант зауыттары мен шаруалардың арасындағы байланыс дұрыс болмай тұр. Сондықтан жылдағы егістік көлемі азайып барады. Биылдың өзінде 12 мың гектар жинағанның өзінде, 5-6 мың тонна қант өндіріледі. Ол қазақстандықтарға бір аптаға жететін қант көлемі", - деді "Атамекен" ҰКП ауылшаруашылық және тамақ өнеркәсібі департаментінің директоры.

Ел тұрғындары ай сайын 45 000 тонна қант тұтынады. Ал қордағы қант көлемі 26 000 тонна. Ең арзан құмшекер Ақтөбеде, 670 теңге. Алматыда 700 теңге, Нұр-Сұлтан қаласында 750, ал Шымкент пен Қостанайда 1 келі қант 800 теңгеден сатылып жатыр.

Қанттан бөлек, сұйық май, нан мен ұнның бағасы да өскен. Статистика қазақстандықтар жалақыларының жартысынан астамын азық-түлікке жұмсайтынын көрсетіп отыр.     

"Қазақстандықтардың табысының 50-55 пайызы азық-түлікке кетеді. Енді бұл әлемдік тәжірибеде дамушы елдер қатарында бұл көңіл толатын құбылыс. Ой мына Еуропа елдерінде 20-25 пайыз деп жатады. Әрине олардың табысы көп", - дейді экономист Сапарбай Жобаев.

Қант тапшылығы кондитерлік өндірістің тоқтауына әкелуде. Қордағы қант таусылса, 10 мыңнан астам адам жұмыссыз қалуы мүмкін. Бұл мәселе қазір әлем елдерін де алаңдатып отыр. Жаһандық экспорттағы үлесі 10 пайызды құрайтын Үндістан да ішкі нарығын қамту үшін, шекерді сыртқа шығаруды уақытша шектеген.

А. Шамшидин

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1975118-elimizdegi-qant-tapsylygyna-ne-sebep-mamandar-pikir-bildirdi/

pixel