Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында өгей әкесінен зорлық көрген 8 жасар қыздың анасы жанайқайын жеткізді

Опубликовано:

8 жасар қызын өгей әкесі зорлаған
Видеодан кадр: Астана телеарнасы

Түркістан облысында 8 жасар қыз балаға өгей әкесі зорлық көрсеткен. Астана телеарнасының хабарлауынша, дәрігерлер баланың өмірін аман сақтап қалу үшін, оның жатырын алып тастауға мәжбүр болған.

Қыздың анасының айтуынша, сұмдық жағдай 23-ші ақпан күні болған. Оның ауруханаға кеткен сәтін пайдаланған күйеуі көрші ауылдағы бағып жүрген малын тастап, үшінші сынып оқушысына зорлық көрсеткен екен.

Осы оқиғадан кейін көп қан жоғалтқан кішкентай қыз сабаққа кеткен. Бастапқыда "құлап қалды" деп сылтауратқанмен, артынша кешірім сұрап мойындапты.

"Оқиғаны балам да көрген. Балама "кет" деген ғой, пердені ашып қарап тұрған бала ма "кет" деп айтқан ғой. Соны кеше мойындап отыр. Маған керек емес ондай ит, қоғамға да керек емес адам ол", - деді анасы Райхан. 

Анасының айтуынша, 8 жасар қызға екі рет ота жасалған. Тік ішегін бірнеше жерден тіккен дәрігерлер ақыры жатырын алып тастауға мәжбүр болыпты. Қызымның ана болу мүмкіндігінен айрылғанын жақында ғана сотта естідім дейді ол.

"Мамаңа айтсаң сені тұншықтырып өлтіремін, мамаңды өлтіремін де, сені балалар үйіне өткізіп жіберем. Балалар үйіне өткеннен кейін сен үлкен болған соң сені қайтадан әйел етіп аламын" деп қорқытқан. Оны маған әлі күнге дейін айтады. "Мама, маған сөйтіп айтты" деп әлі күнге дейін айтады. Әлі күнге дейін шошып оянады", - дейді келіншек.

Шымкенттегі арнайы орталық директоры Малика Жүсіпова өрімдей қыздардың өмірін талқандайтын жағдай тым жиілеп кеткенін айтады. Педофилдерге  берілетін жазаны қатайту керек деп дабыл қағып отыр.

"Бұл деген сұмдық жағдай ғой. Өмір бойына сотталуы керек. 20 жылға сотталды деген ол педофилизмге аз уақыт", - дейді Малика Жүсіпова.

Үшінші сыныпты үздік аяқтаған оқушымен қазір психолог мамандар жұмыс істеп жатыр. "Әзірге болашағына балта шабылғанын қызым білмейді, ертең бойжеткенде тағдыры қалай болады" деп жылайды шарасыз ана.

Материал авторы: А. Төребекқызы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1975121-turkistan-oblysynda-ogei-akesinen-zorlyq-korgen-8-zasar-qyzdyn-anasy-zanaiqaiyn-zetkizdi/

pixel