Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оқу-ағарту министрлігі "ведомство мұғалімдерге 30 млрд теңге қарыз" деген ақпаратқа пікір білдірді

Жарияланған күні:

Мұғалім
Көрнекі сурет: pixabay.com

Оқу-ағарту вице-министрі Ғани Бейсембаев депутаттың "министрлік қазақстандық педагогтерге 30 млрд теңге қарыз болып қалды" деген мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

22 маусымда мәжіліс отырысында депутат Юлия Кучинская Оқу-ағарту министрлігі мұғалімдерге 30 млрд теңгеге жалақы мен еңбек демалысының ақысын төлемегінін айтты.

"Биыл мамыр айында жинақталған бюджет тапшылығы кейбір мұғалімдердің мамыр айының жалақысын алмауына немесе толық емес көлемде алуына әкелді. Сонымен қатар еңбек демалысы мен сауықтыру төлемдері бойынша берешек шамамен 30 млрд теңгені құрады", - деді депутат.

Халық қалаулысының бұл мәлімдемесіне пікір білдірген Оқу-ағарту вице-министрі Ғани Бейсембеков педаогтерге 246 млрд теңге көлемінде еңбек демалысының ақысы уақытылы аударылғанын хабарлады.

Айтуынша, өңірлердің басым бөлігінде мұғалімдерге еңбек демалысының ақысы толық төленген.

"Еңбек демалысы мен ай сайынғы еңбекақы жергілікті бюджет есебінен (әкімдіктер) төленетінін еске сала кетейік. Сонымен қатар талдау барысында министрлік бірқатар өңірде 28 млрд теңге көлеміндегі қаражат уақытылы аударылмағанын тіркеді. Мұның басты себебі - қаражаттың жетіспеушілігінен емес, керісінше жергілікті деңгейдегі жұмыстар мен рәсім мәселелеріне байланысты болып отыр.

Бұл мәселелер толығымен жергілікті білім басқармаларының құзыретіне жатады. Сондықтан мұндай мәлімдемелерге жауапкершілікпен қарап, кейбір мәселелердің қай мемлекеттік органдардың құзырында екенін ескеруді сұраймыз", - деді Бейсембаев.

Осы ретте ол аталған мәселе министрліктің бақылауында екенін атап өтті.

"Жергілікті атқарушы органдардың мәліметінше, төлем мәселесі бір апта ішінде шешіледі. Сапаны қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік департаменттер білім беру саласы қызметкерлеріне ай сайынғы еңбекақыны уақытылы төлеуін бақылауды жалғастырады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1975297-oqu-agartu-ministrligi-vedomstvo-mugalimderge-30-mlrd-tenge-qaryz-degen-aqparatqa-pikir-bildirdi/