Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде анасын өлтірді деген күдікпен ұсталған 16 жастағы қызға қатысты жаңа дерек шықты

Опубликовано:

Жас қыз
Көрнекі фото: pixabay.com

Ақтөбеде анасын өлтірді деген күдікпен ұсталған 16 жастағы қыздың ісі сотқа жіберілді, деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Телеарна мәліметінше, қыздың 19 жастағы досы да күдікке ілінген. Қазіргі уақытта екеуі тергеу изоляторында отыр.

Алматы аудандық прокуратурасы әйелді өз үйінде пышақтап өлтіргенін хабарлады.

Күдіктілердің бұл туралы полицияға кеш хабар бергені белгілі болды. 

Анасын өлтірді деп күдікке ілінген жасөспірім жасы 16-да болса да, кешкі мектептің 5-сыныбында оқыған.

"Ақтөбе қаласы Алматы ауданының прокуратурасымен 16 жастағы қыз бен 19 жастағы жігітке қыздың анасын өлтіргені үшін айыптау актісі жасақталды. Сотқа дейінгі іс жүргізу кезінде айыпталушылар қылмысты жасағанын бірнеше күн өткеннен кейін хабарлағаны анықталды", - деді Ақтөбе қаласы Алматы аудандық прокуратурасының бөлім аға прокуроры Әсел Өтенова.

Оның айтуынша, айыпталушылардың іс-әрекеттері Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлігі бойынша сараланған.

Автор: Г. Сейтенова

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1975311-aqtobede-anasyn-oltirdi-degen-kudikpen-ustalgan-16-zastagy-qyzga-qatysty-zana-derek-syqty/

pixel