Ақтөбеде қаржы пирамидасын ұйымдастырған азаматтарға сот үкімі шықты
Жарияланған күні:
Gold қаржы пирамидасын ұйымдастырушыларға қатысты сот үкімі шықты. Оған сәйкес, үш айыпталушы да кінәлі деп танылып, түрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Ақтөбе қаласының № 2 қылмыстық сотына сілтеме жасап.
Үш адам Қылмыстық кодекстің 262-бабы 1-бөлігі (Ұйымдасқан топ немесе қылмыстық ұйым құру, сол сияқты оған немесе қылмыстық ұйымның құрылымдық бөлімшесіне басшылық ету), 217-бабы 3-бөлігінің 1,2-тармақтары (қаржы пирамидасын құру және оған басшылық ету) және 262-бабы 2-бөлігі (ұйымдасқан топқа немесе қылмыстық ұйымға қатысу) бойынша сотқа тартылды.
"Сот айыпталушы мен басқа адамның ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, Ақтөбе, Шымкент, Атырау, Ақтау және Жаңаөзен қалаларында қаржы пирамидасын құру үшін Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының тумаларын, оның ішінде екі адамды тартқанын анықтады", - делінген сот хабарламасында.
Gold Company LTD салымшыларына канадалық компанияға ақша салу арқылы үлкен пайдаға кенелетінін айтқан.
Іс жүзінде ешқандай шаруашылық қызмет жүргізілмеді, ұйымдастырушылар жай ғана сенімді азаматтардан ақша алған. Олардың бір бөлігі серіктестік келісімдер бойынша пайыздарды төлеуге жұмсап, қалған ақшаны өздеріне қалдырып отырған.
Ұйым 2019 жылдың желтоқсанынан 2020 жылдың ақпанына дейін салымшылардан 10 млрд 45 млн теңге жинады.
"Жәбірленушілерге төленбеген қаржының жалпы сомасы 2,4 млрд теңгені құрады", - деді соттан.
Қылмыс жасауда белсенді рөл атқарған бір айыпталушыны сот 12 жылға бас бостандығынан айырды. Тағы екеуі 9 және 6,5 жылға сотталды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1975333-aqtobede-qarzy-piramidasyn-uiymdastyrgan-azamattarga-sot-ukimi-syqty/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.