Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

СҚО-дағы өрт кезінде бір үйдің екі баласы мерт болды: ТЖД қызметкерлері ата-аналарға ескерту жасады

Опубликовано:

Өрт сөндірушілер28
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданында шөп қора өртеніп, бір үйдің 10 жастағы ұлы мен 8 жастағы қызы көз жұмған. Бұл туралы ҚазАқпарат СҚО төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомствоның мәліметінше, мекемеге Ақжар ауданы Талшық ауылының Луговая көшесіндегі тұрғын үйдің шөп қорасынан өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен.

Оқиға орнына жеткен мамандар қора-қопсының шатыры және қысқа дайындалған шөптің жанып жатқанын көрген. Бірден іске кіріскен өрт сөндірушілер жалынды тек 1,5 сағаттан кейін ауыздықтаған.

Сондай-ақ оқиға орнынан үй иесінің 10 жастағы ұлы мен 8 жастағы қызының денесі табылған. Куәгерлердің айтуынша, олар өрт шықпас бұрын қораның төбесінде балалардың ойнап жүргенін байқаған. Дегенмен әзірге шөп қорасының неден өртенгені белгісіз.

Осы орайда мамандар ересектерге балалармен сөйлесіп, өрт кезінде өзін қалай ұстауы керектігін түсідіру қажеттігін айтады. Өйткені көп жағдайда балалар өртеніп жатқан баспанадан қашып шығудың орнына шкафтың ішіне, кереуеттің астына немесе басқа да жерге тығылуға тырысады екен.

"Өртті өздігінен сөндіруге болмайды, өмірді қатерге тігіп, дүние-мүлікті сақтап қалуға тырыспау қажет. Есік-терезені ашуға болмайды, сондай-ақ су тартатын құбырмен, жіппен төмен түсу қауіпті. Өрт шыққанда лифті қолдануға болмайды. Сондай-ақ әр ата-ана баласына арнайы қызметтердің нөмірін жаттатуға міндетті. Өрт шыққан кезде бірден мамандарға хабар берген жөн", - дейді СҚО ТДЖ қызметкерлері.

Айта кетейік, бұған дейін Нұр-Сұлтан маңында қамыс өртенгенін жазған болатынбыз. Өрт сөндірушілер отты тек екі тәуліктен кейін ғана сөндіре алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1975437-sqo-dagy-ort-kezinde-bir-uidin-eki-balasy-mert-boldy-tzd-qyzmetkerleri-ata-analarga-eskertu-zasady/

pixel