Алматы облысындағы Көлсайға апаратын жолды су шайып кетті (видео)

Опубликовано:

видеодан кдар
Оқиға орнында түсірілген видеодан кадр: instagram.com/o7en.kz

Алматы облысының Кеген ауданында республикалық жол жиегін су шайып кетті. Қазіргі уақытта қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Кеген ауданының әкімдігі.

Жол жиегін су шайып кеткен сәттің видеосы желіде тарады.

Бұған қатысты пікір білдірген Кеген аудандық әкімдігінің мәліметінше, 23 маусым күні нөсер жаңбыр салдарынан республикалық маңызы бар "Көкпек - Кеген - Түп"- "Жалаңаш - Саты - Көлсай көлі" жолының 10-11 шақырымы аралығында жиікті су шайып кеткен.

"Аталған учаскеде жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында төтенше жағдайлардың алдын алу мекемесі, аудан әкімшілігі, полиция қызметкерлері, ДЭУ-91 мекемесінің өкілдері тарапынан кезекшілік ұйымдастырылып, жол қозғалысы қалпына келтірілді", - деп хабардар етті әкімдіктен.

Сонымен қатар ведомство жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бүлінген жол бөлігін қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1975490-almaty-oblysyndagy-kolsaiga-aparatyn-zoldy-su-saiyp-ketti-video/

jitsu gif